ШҚО-да көлік жылқылармен соқтығысып, жүргізуші қаза болды

ШҚО-да көлік жылқылармен соқтығысып, жүргізуші қаза болды

Омбы - Майқапшағай тасжолында көлік жылқылармен соқтығысып, жүргізуші қаза болды, - деп хабарлайды YK-news.kz.  

Жол апаты 20 шілдеде Жарма ауданында болған. 

"21 жастағы Toyota Crown жүргізушісі Омбы-Майқапшағай тасжолының 484/837 шақырымында үш жылқыны қағып кеткен. Көлік жүргізушісі оқиға орнында қаза болды. 4 жолаушы, оның ішінде 2021 жылы туған бала медициналық мекемеге жеткізілді", - деді ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.

Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзуы) бойынша соталды тергеу басталды.

Ж. Қадыржанова