Дәрігер тершеңдікке алып келетін тағамдарды атады

Дәрігер тершеңдікке алып келетін тағамдарды атады

Медицина ғылымының кандидаты Андрей Тяжельников тершеңдікке алып келетін өнімдерді атады, - деп хабарлайды "Мослента" басылымы.

Маманның айтуынша, аптапта ас қорыту үшін көп энергияны қажет ететін тағамдардан бас тарту керек. Бұл тәтті, көмірсутекті, ақуызы көп, өте майлы және тұзды тағамдар. Олар тершеңдіктің жоғарылауына әкеледі.

"Ыстық күндері кофе мен алкогольді аз мөлшерде ішкен дұрыс. Мұндай сусындар жүректің жиырылуын күшейтіп, термиялық әсерге әкеледі", - дейді Тяжельников.

Маман ащы тағамдар да тершеңдікке алып келетінін айтады.

"Біз ащы тағамды жеген кезде орталық жүйке жүйесі қызып, миға денені салқындатуға бұйрық береді. Нәтижесінде, біз қатты терлей бастаймыз", - деп түсіндірді дәрігер.

Г. Досымшалова