Әлемде 14 мыңға жуық адам маймыл шешегін жұқтырды - ДДСҰ

Әлемде 14 мыңға жуық адам маймыл шешегін жұқтырды - ДДСҰ

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) басшысы Тедрос Гебрейесус әлемнің 70-тен аса елінде маймыл шешегінің 14 мыңға жуық жағдайы тіркелгенін айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 70-тен астам елде 14 мыңға жуық адамның маймыл шешегін жұқтырғанын хабарлайды. Қазіргі таңда маймыл шешегінен болған 5 өлім-жітім тіркелді, олардың барлығы Африка елдерінде", - деді Гебрейесус.

Оның айтуынша, инфекцияның басым бөлігі Еуропада. 

Маймыл шешегі - вирустық ауру, оның белгілері табиғи шешекпен ауыратын науқастарда байқалған белгілерге ұқсас.

Айта кетейік, маймыл шешегі байланыс және тамшылар арқылы дем шығарғанда берілуі мүмкін. Шешек жұқтырған маймылдардың көпшілігі бірнеше апта ішінде жазылады, бірақ ауру кезеңі 5-тен 21 күнге дейін өзгеруі мүмкін. 

Г. Досымшалова