Үндістан президенттігіне екінші рет әйел адам сайланды

Үндістан президенттігіне екінші рет әйел адам сайланды
Фото: Reuters

Драупади Мурму Үндістандағы президент сайлауында жеңіске жетіп, елде осындай жоғары лауазымды атқарған екінші әйел атанды, - деп хабарлайды Indian Express басылымы.

Басылым сайлау комитетінің мәліметтеріне сілтеме жасай отырып, елдегі президенттік сайлауда "Бхаратия Жаната парти" билеуші партиясы басшылық ететін ұлттық демократиялық альянстың кандидаты жеңіске жеткенін хабарлады.

Мурму - Үндістан президенттігіне сайланып отырған екінші әйел. Елді басқарған алғашқы әйел Пратибха Патил (2007-2012 жылдары) болды. Сондай-ақ, Мурму "азат елде", яғни ұлыбританиялықтардан тәуелсіз болғаннан кейін дүниеге келген Үндістанның тұңғыш президенті болмақ. Ол 1958 жылы дүниеге келген. Джаркханд штатының экс-губернаторы.

Драупади Мурму ел президенті ретінде 25 шілдеде ант береді. Мемлекеттің іс басындағы басшысы Рам Натх Ковиндтің өкілеттік мерзімі 24 шілдеде аяқталады.

Г. Досымшалова