Ауыр атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына үшінші "алтын" түсті

Қазақстандық зілтемірші Денис Полубояринов жасөспірімдер арасында Азия чемпионатының алтын жүлдегері атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Ташкентте отандасымыз 81 келіге дейінгі салмақта 313 (140+173) келіні бағындырды.

Айта кетейік, осыған дейін құрама қоржынына Емберді Едіге мен Әлішер Байбуров алтын салған еді. Cонымен қатар, 61 келіде Азамат Төлеген мен 55 келіге дейінгілер арасында Ерасыл Омаров жарыстың қола медалін иеленген болатын.