Тоқаев Әуезовтің Шолпан-Атадағы музей-үйіне барды

Тоқаев Әуезовтің Шолпан-Атадағы музей-үйіне барды
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Мұхтар Әуезовтің Шолпан-Ата қаласындағы музей-үйіне барды, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Президент музей-үйде Мұхтар Әуезовтің бюстін ашып, құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.

Мұхтар Әуезовтің Шолпан-Атадағы үйі 1959 жылы салынған. Қазақтың ұлы жазушысы бұл үйде 1959-1961 жылдары тұрып, жұмыс істеген, сондай-ақ, өзінің "Өскен өркен" атты соңғы романын жазуды бастаған. Бірақ аяқтап үлгермеген.

1970 жылы қыркүйекте мұнда Мұхтар Әуезовтің кітапхана-музейінің ресми ашылу рәсімі өткен.

Қазір музейде жазушының жеке заттары - үстел, орындықтар, тербелмелі кресло, үстел сағаты, киім ілгіш, кітап шкафы, кітаптары сақталған.

Жазушының қызы Ләйлә Мұхтарқызының бастамасымен кітапханаға алғашқы 5000 дана кітап жиналды. Қазір кітапханадағы кітап қоры - шамамен 12000. 

Кітапхана-музейде семинарлар, оқу конференциялары, кездесулер өткізіліп тұрады.

Ж. Қадыржанова