Кәсіпкер Мұрат Боранбаевқа іздеу жарияланды

Кәсіпкер Мұрат Боранбаевқа іздеу жарияланды

Қаржы мониторингі агенттігі кәсіпкер Мұрат Боранбаевқа іздеу жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Құқықтық статистика органдары порталында Мұрат Боранбаевқа іздеу жарияланғаны туралы ақпарат пайда болды. Іздестіретін орган - Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті.

 

БАҚ-та Мұрат Боранбаев кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың ағасы екені айтылып жүр. Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алулар сайтында Мұрат Боранбаев 2017 жылы AlanParking ЖШС басшысы болып тіркелгені туралы ақпарат бар.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда A-parking ақылы автотұрақтар операторы саналатын Alan Parking компаниясының директоры Мұхтар Базарбаев қамауға алынған болатын.

Кейін A-Parking жобасына жауапты тұлғаларға қатысты аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен соталды тергеу басталғаны хабарланды.

Ж. Қадыржанова