Қарағанды тұрғындары қантқа таласты: Желіде оқиғаның видеосы тарады

Қарағандыдағы супермаркеттердің бірінде қантқа таласқан тұтынушылар арасындағы жанжал видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Мassaget.kz.

Оқиғаның видеосын instagram-да Patriotnews.kz парақшасы жариялады.

Әлеуметтік желіде "Аян" супермаркеттерінің бірінде түсірілген жанжалдың видеосы тарап жатыр. Кадрларда тұтынушылар төбелесуге шақ қалғаны көрсетілген. Куәгерлердің айтуынша, жанжалға қант тапшылығы себеп болған. Сауда орны әкімшілігі полиция шақыруға мәжбүр болған.

"Сатып алушылардың шабуылынан кейін сауда сөрелерінің маңында тәртіпсіздіктер орын алып жатыр. Тұз қораптары, макарон пакеттері төгілген қанттың арасында еденде жатыр", - делінген хабарламада.