Танымал әнші "Ұйқым келмейді" әнін ерекше орындады

Танымал әнші "Ұйқым келмейді" әнін ерекше орындады

Музыкант  қазақстандық әлеуметтік желіні шулатқан "Ұйқым келмейді" әніне кавер жасады. Жанкүйерлер оның орындауын ерекше бағалады, - деп хабарлайды Мassaget.kz.

M'Dee TikTok аккаунтында "Ұйқым келмейді" әнін ерекше орындаған видеосын жариялады.

"Ұйқым келмейді" R'n'B болса ше? - деп жазды әнші.

@mdeemusic44

что если «ұйқым келмейді» была бы r'n'b?

♬ оригинальный звук - M'Dee

Әлеуметтік желі қолданушылары M'Dee-дің орындауын ерекше бағалап, түрлі пікір жазды.

"Сіздің орындауыңыздағы барлық ән ұнайды", "Ән бірден өзгерді", "Бұл жерде мәтін өзгеше секілді", " Керемет орындау, ерекше дауыс", "Алина, мына орындауды көріп ұялып отырған болар", "Не деген керемет орындау", - деп жазды желі қолданушылары.

Еске салайық, бұған дейін Желіде "Той думан" арнасында жарық көрген Алина Шакиева есімді әншінің әні қызу талқыланған болатын. Кейінірек бұл жағдайға қатысты әншінің өзі де пікір білдірген еді.

M'Dee лақап атымен танылған Қазақстанның жас орындаушысы Мәди Тоқтаров "Вечерний Ургант" бағдарламасына қатысқан. Ол 23 жаста. Ол Musica36 Scryptonite лейблінің бұрынғы мүшесі.

Г. Досымшалова