Тыр жалаңаш қыз бен жігіт самокатпен жүр. Алматы көшесіндегі күтпеген жағдай

Алматыда самокат мінген жалаңаш қыз бен жігіт видеоға түсірілді, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Видео krisp_almaty Instagram-парақшасында жарияланған.

"Әл-Фараби даңғылы мен Бейбітшілік көшесінде адамдар самокатпен жалаңаш жүрді, ұят та жоқ, намыс та жоқ. Оларға айыппұл салынады деп сенемін", - деді жазба авторы.

ПД өкілі оқиғаға қатысты пікір білдірді.

"Жергілікті полиция қызметі әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында анықталған деректі тексеріп жатыр. Құқықбұзушылар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті түрде анықталып, жазаланады", - деді Алматы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.