Ақмола облысында болашақ келіні енесінің ақшасын ұрлап алған

Ақмола облысында болашақ келіні енесінің ақшасын ұрлап алған
Фото: Тұрар Қазанғапов

Атбасарда болашақ келін енесінің млн теңгедей ақшасын жымқырған, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылым мәліметінше, Атбасар қаласы полиция бөлімінің учаскелік инспекторы жеке тергеу жұмыстарымен 900 мың теңгеден астам ұрлықтың бетін ашты. ПБ полиция бөліміне жасалған қылмыс туралы 70 жастағы жергілікті тұрғын өтініш беріп, полицейлерге 18 шілдеде белгісіз тұлға еркін қол жеткізу арқылы үйден 400 мың теңге және 1 185 еуро сомасындағы ақшалай қаражатты ұрлағанын хабарлады.

Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы оқиға орнынан саусақ іздерін алып, ал учаскелік полиция инспекторы ықтимал куәгерлерден жауап алды.

Полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады. Ол - 32 жастағы жергілікті тұрғын, жәбірленушінің болашақ келіні болып шықты. Күдікті жасаған әрекетін мойындады.

С. Сатыбалдина