Жамбыл облысында зират аумағынан қару-жарақ арсеналы табылды

Жамбыл облысында зират аумағынан қару-жарақ арсеналы табылды

Жамбыл облысында зират аумағынан қару-жарақ пен оқ-дәрі табылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері КТҮ-158/1 қызметкерлерімен бірлесіп жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде зират аумағында қару-жарақ пен оқ-дәрілер салынған жасырын қойманы анықтады.

Екі оқжатары бар "АКС-74У" автоматы, 9 миллиметр калибрлі "ME-38 Marchal" травматикалық револьвері, 1 жарық-шуылды граната, 5,45 миллиметр калибрлі 11 оқ дәрi, 9 миллиметр калибрлі 38 оқ дәрi, 12 калибрлі 2 оқ дәрi және 5,45 миллиметр калибрлі 8 бос оқ дәрi тәркіленді.

Сот-баллистикалық сараптамалар тағайындалды.

Г. Досымшалова