Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың соты басталады

Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың соты басталады

Осыған дейін бірнеше рет кейінге қалдырылған Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың соты басталады, - деп хабарлайды Мassaget.kz.

Айта кетейік, Бақытгүл Хаменова Абай Құнанбайұлының ескерткішін орнатқан кәсіпкерден 4 миллион 500 мың теңге пара алды деген күдікпен ұсталған болатын. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері Хаменованың қылмыстық ісін тергеуді мамырда аяқтап, Атырау облыстық прокуратурасына жіберген болатын. Прокурорлар қылмыстық істі зерделеп, ешқандай заңбұзушылықтар таппай, істі Атырау қалалық №2 соты жолдады. Алайда қылмыстық іс сотта тұрып қалды.

Сот маусымда басталуы керек болатын. Алайда іске төрағалық етуші сот басқа іспен кеңесу бөлмесіне кетіп, сот отырысы кейінге қалдырылды. Ол кеңесу бөлмесінен шыққаннан кейін, Президент Жарлығымен басқа сотқа ауысып кетіп, сот тағы да болмай қалды.

"Белгілі себептермен Бақытгүл Хаменованың сот отырысы кейінге қалдырылған болатын. Басты сот отырысы 3 тамызда өтеді", - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Г. Досымшалова