Қостанайда сотталушы колонияға телефонын асқазанына салып кірмек болған

161/1 колониясына келген сотталушыны рентген арқылы тексеру кезінде тыйым салынған зат табылған, - деп хабарлайды "Костанайские новости"

"Рентген телефоннан бөлек, тырнақ қиюға арналған қысқыш бар екенін көрсетті", - деді ҚАЖД өкілі.

Осы дерек бойынша соталды тергеу басталған.