Жазира Байырбекова мәһрге қымбат сыйлық сұрайтындарға қатысты пікір білдірді

Әнші Жазира Байырбекова кейінгі кездері желіде көп талқыланып жүрген мәһрге қымбат сыйлық сұрау мәселесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Мassaget.kz.

Әнші өз ойын Instagram-парақшасында жеткізді.

"Күйеуінен "мәhр" сұрамағандар не істейміз? "Мәhр" сұрағандар мен сұрамағандардың пікірлері қалай екен?! Өзім жоқшылықта да, баршылықта да бір нәрсе әпер деп сұрамаппын.

Осы үшін үйленбей, осы үшін ренжісіп қалмай ма екен жастар?! Әлде ер-азаматтың еңбектенуіне, ізденуіне түрткі бола ма?" - деп пікір білдірді әнші.

Желі қолданушылары әншінің жазбасына түрлі пікір білдірді. Бірі шариғат бойынша сұраған дұрыс десе, екіншілері ер-азаматты қинамау керек дегенді алға тартты.

"Шариғат бойынша сұрау керек дейді. Бірақ шамасы келмесе алып беруге міндетті емес деп ойлаймын. Ер жігіт мойнына қарыз болмасын деп ойласа алып беретін шығар. Мен сұрағам, мүмкіндігі жетіп жатса, алып берер. Мен үшін ол маңызды емес. Бір-бірімізді бағалап, бақытты өмір сүрсек болды. Бала-шағамыз аман, бауырымыз бүтін болса болды", "Мен шамасына қарап күміс жүзік сұрағанмын. Ол кезде тек бақытты болуды ойладым", "Қазіргі жастарды түсіну де құптау да қиын. Өзіміз мәһір түгіл сұрамаптық", - деп жазды оқырмандар.