Ыстықтың беті қайта ма? Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы

Ыстықтың беті қайта ма? Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы
Фото: Әлихан Сариев

Синоптиктер 21, 22 және 23 шілдедегі ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Қазгидромет мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде алдағы үш тәулікте солтүстік-батыс және оңтүстік циклондар әсерінен тұрақсыз ауа райы болады, жаңбыр жауады. 22 шілдеде республиканың шығысында қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ жауады деп болжанып отыр. Сонымен қатар, жел күшейеді.

"Еліміздің батыс өңірлерінде ауа райы төмендейді, Қазақстанның солтүстік жартысында күндізгі температура +23+28 градусты көрсетеді. Еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ыстық ауа райы болады, тек таулы және тау бөктеріндегі аудандарда найзағай ойнайды. Ауа температурасының аздап төмендеуіне қарамастан, ол климаттық норма шегінде сақталады", - делінген хабарламада.

Ж. Қадыржанова