"Енді келін алып кел". Нұрлан Еспанов ұлына қымбат көлік сыйлады

Белгілі әнші Нұрлан Еспанов ұлына көлік сыйлады. Ол бұл туралы Instagram-парақшасында айтқан, - деп хабарлайды Massaget.kz.

"Ал балам, көлігің құтты болсын! Астыңда тозсын! Игілігіңе мін! Енді осы көлікпен үйге келін алып кел! Ініме рақмет, ұлыма осы номерді сыйлаған үшін!" - деді әнші Желіде.

espanov_n 

Желідегілер әншінің қуанышына ортақтасып, жағымды пікірлер жазылған:

Бәрекелді, құтты болсын, аға!

Әкелер аман болсын, әкелердің қадірін білейік.

Темір тұлпарың құтты болсын. Керемет!

Жақсылыққа шапсын.

Құтты болсын, ақ келін келе берсін енді.

Ашық дереккөз мәліметіне сүйенсек, көлік маркасы - КIA K7. Мұндай көліктердің бағасы Кореяда шамамен 35 139 доллар болады екен. Теңгеге шаққанда, шамамен 16 845 738 теңге.