Көршің терезеден қоқыс лақтырса не істеу керек?

Көршің терезеден қоқыс лақтырса не істеу керек?

"Диапазон" басылымына жергілікті тұрғын көршісі терезеден қоқыс лақтыратынын айтып шағымданған. Басылым мұндай жағдайда не істеу керегін анықтап көрді. 

Тұрғынның айтуынша, көршісі қоқысты кейде терезеден лақтырып жібереді, кейде подъезде қалдырып, тіпті қоқыс тастайтын жерге дейін апармайтынын айтқан. 

"Сырт көзге қарапайым әйел, егде жаста да емес. Бірақ қоқысты терезеден лақтырып жібереді. Бастапқыда ол істеп жүргенін бірден түсіне қоймадық. Куәгерлер бар. Кімге шағымдануға болады?", - дейді тұрғын. 

Заңгер Алена Дуля ең алдымен, полицияға жүгіну керегін айтады. 

"Әйел адамның әрекеті "Ұсақ бұзақылық" не "Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау" бабы бойынша қарастырылуы мүмкін. Қандай жағдай болса да оған айыппұл не 10-15 тәулікке әкімшілік қамауға алу көзделген", - дейді заңгер. 

Екінші бап бойынша 5-10 АЕК (15 315 - 30 630 теңге) аралығында айыппұл салынуы мүмкін. 

С. Сатыбалдина