Абай облысында әскери қызметкер суицид жасады

Абай облысында әскери қызметкер өз-өзін атып тастады, - деп хабарлайды Мassaget.kz ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, марқұмның 5 баласы болған. Әскери қызметкердің мұндай қадамға не үшін барғаны әзірге белгісіз.

"Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Марқұмның артында әйелі мен 5 баласы қалды", - деді ведомство өкілдері.

Әскери қызметкердің өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес тергеудің өзге деректері жария етілмейді.