"Басымды жұлып ала жаздады". 52 жастағы америкалық кәсіпқой бокста рекорд орнатты

"Басымды жұлып ала жаздады". 52 жастағы америкалық кәсіпқой бокста рекорд орнатты
Фото: kaz.vesti.kz

52 жастағы америкалық Пол Яннуцци кәсіпқой рингке алғаш рет шығып, рекорд орнатты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Вустер (Массачусетс, АҚШ) қаласында өткен бокс кешінде Яннуцци 37 жастағы бразилиялық Лусиней Сантоспен жекпе-жек өткізіп, оны бірінші раундта нокаутқа түсірді.

Осылайша, ол кәсіпқой рингте дебют жасаған ең жасы үлкен спортшы ретінде рекордтар кітабына енді. Бұған дейін әуесқойлар арасында тәжірибесі бар Яннуцци жекпе-жек алдында кәсіпқой бокста тек бір жекпе-жек өткізетінін айтқан. Ол жекпе-жектен кейін де райынан қайтпаған.

"Ол ұрып жатқанын көргенде, баспен қозғалу керегін түсіндім. Мен оған жауап бердім, жігіт басымды жұлып ала жаздады. Бірақ дағдыларым көмектесетінін білдім. Иә, бір жекпе-жек жетеді. Әйелім маған қайта жекпе-жекке шығуға рұқсат бермейді", - дейді Яннуцци.  

Ж. Қадыржанова