Ер адам жасырын діни мектеп ашып, балаларды соққыға жыққан

Ер адам жасырын діни мектеп ашып, балаларды соққыға жыққан
Фото: Podrobno.uz

Өзбекстанда жасырын діни мектеп ашып, балаларды соққыға жыққан ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Podrobno.uz

Басылым мәліметінше, Әндіжан облысы Бұлақбашы ауданында ер адам жасырын діни мектеп ашқан.

"Жедел іс-шара барысында өзбекстандық өз үйінде діни білімі мен тиісті рұқсаты болмаса да, астыртын діни мектеп ашып, онда Қырғызстан мен Өзбекстанда тұратын 27 баланы оқытқаны анықталды", - деп атап өтті ІІМ өкілі.

Сондай-ақ, жедел уәкілдер ер адам діни сабақтар кезінде кәмелетке толмағандарды соққыға жығып, дене жарақатын салғанын анықтады. Қазір осы дерек бойынша тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Ж. Қадыржанова