Оңбай таяқ жеген әйел екі жыл комада жатып, есін жиған соң кім ұрып-соққанын айтқан

Оңбай таяқ жеген әйел екі жыл комада жатып, есін жиған соң кім ұрып-соққанын айтқан

Америкалық Ванда Палмер екі жыл комада жатып, есін жиған соң полицияға ұрып-соққан ағасы Дэниел Палмер екенін айтқан, - деп хабарлайды lenta.ru The Post Millenial басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, ер адамға адам өлтіруге оқталу және денсаулыққа қасақана зиян келтіру дерегі бойынша айып тағылған. 

2020 жылдың маусымында көршілері Ванда Палмерді диванда ес-түссіз жатқан жерінен тапқан. Куәгерлердің айтуынша, әйелдің жағдайы өте ауыр болған, ол көптеген жарақат алып, денесі толығымен қанға боялған. Дәрігерлер әйелдің оянуы мүмкін емес екенін айтқан.

Алайда, ол биыл шілдеде есін жиып, бәрін есіне түсіріп, шабуылдың нақты қалай болғанын айтып берген.

"Ванданың миы ауыр зақымданғанына қарамастан, коммуникативті дағдылары сақталған. Бұл өте сирек кездесетін жағдай", - дейді дәрігерлер.

The New York Post газеті полицейлер бастапқыда әйелдің ағасынан күдіктенгенімен, оқиға куәгерлері, бейнебақылау камерасына түсірілген кадрлар болмағандықтан, тергеу жауапсыз қалғанын айтады.

Жәбірленуші ағасы бұған дейін қатыгездік көрсеткенін, ал 2019 жылы пәтеріне басып кіріп, мүлкіне зиян келтіргені туралы Facebook-те жазба жариялағанын айтқан.

Г. Досымшалова