Костюмдегі оймакілтек не үшін қажет?

Костюмдегі оймакілтек не үшін қажет?

Костюм мен шалбар ерте заманнан бері ер адамның гардеробындағы басты киім. Бірнеше ғасыр өтіп, заман өзгергенімен ол бүгінгі күнге дейін сақталып, өзектілігін жоғалтқан жоқ. Сонымен қатар, бұл киім өте күрделі конструктивті, оның әрбір элементі ерекше үлгіде тігіліп, практикалық мәселені шешеді. Бүгін Мassaget.kz тілшісі костюмдегі негізгі элементтердің бірі оймакілтек (шлицы) туралы айтпақ.

Оймакілтек (шлицы) дегеніміз не, ол не үшін қажет?

Оймакілтек - костюмнің артындағы жырық. Ол образға әдемілік берумен қатар, практикалық мәселелерді шешуге арналған жартылай сәндік элемент.

Біріншіден, жүргенде, отырғанда қозғалыс еркіндігін қамтамасыз етеді;
Екіншіден, шалбардың қалтасына қол салуға ыңғайлы, костюмнің бүктемесінің тартылуын болдырмайды;
Үшіншіден, костюмнің стильді болып көрінуіне көмектеседі.  

Оймакілтекке байланысты костюм түрлері:

Бірінші нұсқа америкалық стильдегі костюм деп аталады. Бұл дизайнның артықшылықтары да, кемшіліктері де бар. Сонымен, бір оймакілтегі бар костюм ер адамды визуалды түрде жіңішке көрсетеді. Кемшілігі - адам отырғанда немесе қолын қалтасына салғанда ыңғайсыз, ерсі көрінеді.

Екі оймакілтегі бар костюм - сәнді, ыңғайлы. Екі оймакілтек адамның қозғалуына, шалбардың қалтасына қол салуға, жүріп-тұруға ыңғайлы. Мұндай модельдер еуропалық стильге тән.

Оймакілтексіз костюм кез келген адамға ұнай бермейді. Костюмнің бұл түрі қозғалысы аз адамдарға алуға кеңес беріледі.

Оймакілтек қалай пайда болды?

Оймакілтек ерте кезде ер адамдардың жүріс-тұрысына, атқа мініп-түсуіне  ыңғайлы болу үшін жасалған. 

Г. Досымшалова