Instagram-да жаңа функция іске қосылады

Instagram-да жаңа функция пайда болады. Енді қолданушылар чат арқылы тікелей тапсырыс жасай алады, - деп хабарлайды Мassaget.kz тілшісі Meta сайтына сілтеме жасап.

Meta мәлімдемесіне сүйенсек, Instagram-да қолданушыларға хабарламалар арқылы шағын бизнестен зат сатып алуға мүмкіндік беретін төлем функциясы болады.

©Meta

Мысалы, егер пайдаланушы бір затқа қызықса, ол тікелей компанияға хабарлама жібере алады, содан кейін қажет болған жағдайда параметрлерді қосып, тікелей чатта тапсырыс бере алады.

Сондай-ақ, пайдаланушылар тапсырысты қадағалап отыра алады және сол чат желісінде кез келген қосымша сұрақтар қоя алады. Instagram-ның жаңа мүмкіндігі сауда жасау үшін Meta Pay төлем қызметін пайдалануға мүмкіндік береді, дейді компания өкілдері.