Қырғызстанда балабақша қызметкері көлігімен алты баланы қағып кеткен

Қырғызстанда балабақша қызметкері көлігімен алты баланы қағып кеткен. Ол көлікті көлеңке жерге қойғысы келген, - деп хабарлайды РИА Новости.

Басылым мәліметінше, қайғылы оқиға Қырғызстанның оңтүстігіндегі Баткен облысында болған.

"Шумқар" балабақшасының қызметкері - 43 жастағы А.А. Лейлек ауданы Жаны-Жер ауылында жекеменшік Hyundai Getz көлігін көлеңкеге қою үшін балабақша ауласына айдап кіріп, аулада ойнап жүрген алты баланы қағып кеткен", -  деді баспасөз қызметінің өкілі. 

Жол-көлік оқиғасынан алты баланың үшеуі зардап шекті. Олар - 1,5 мен 5 жасқа дейінгі бүлдіршіндер. Тергеу барысында әйелдің жүргізуші куәлігі болмағаны анықталды. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Әйел жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.