Субұрқақтан түрлі ауру жұғады - дәрігер

Субұрқақтан түрлі ауру жұғады - дәрігер

Ыстықта қала орталығындағы жасанды айдында шомылған балалар қауіпті ауру жұқтыруы мүмкін, - деп хабарлайды "Хабар 24".

Телеарна мәліметінше, биыл елордада субұрқаққа шомылған 533 адамнан энтеровирус инфекциясы анықталған. 

"Жаз басталғалы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті субұрқақтарындағы судың сапасын тексеріп жатыр. Мамыр айынан бері 240 сынама алынды. Оның 18-інен санитарлы-микробиологиялық көрсеткіштердің талапқа сай еместігі анықталды. Онда тұмаудан бастап жұқпалы ауруға душар болу қаупі бар. Атап айтсақ, ішек инфекциясы, паразиттік инфекциялар және гепатит", - деді санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Айгүл Шағалтаева.

Жұқпалы ауру жұқтырудан бөлек, субұрқақта тоққа түсу қаупі жоғары. Бірақ, онда шомылуға тыйым салынбаған. Заңда мұнда шомылғаны үшін жауапкершілікке тарту шарасы қарастырылмаған. 

"Субұрқақтарда жүзуге тікелей тыйым жоқ. Дегенмен тексерістер жүргізіліп тұрады. Кодексте балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тарту шаралары бар. Ата-анасына шара қолдануға болады", - дейді Нұр-Сұлтан қалалық ПД бөлім басшысы Нэлля Досжанова.

Г. Досымшалова