Бұқтырмада қайықтың суға батуына кінәлілер екі жылға сотталуы мүмкін

Бұқтырмада қайықтың суға батуына кінәлілер екі жылға сотталуы мүмкін

17 шілдеде Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасына 24 адам мінген қайық батып кетті, - деп хабарлайды Мassaget.kz тілшісі.

"Астана" телеарнасының мәліметінше, полиция "Өзен көлігін пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелерін бұзу" бабы бойынша соталды тергеуді бастаған.

Айта кетейік, қайықтың батып бара жатқанын жағадан байқаған төрт ер адам гидроскутер мен қайыққа мініп, көмекке аттанған. Одан кейін өңірлік ТЖД қызметкерлері де көмекке келіп жетіп, адамдарды біртіндеп жағаға шығара бастаған.

"Олар бұл операцияны екі кезеңмен жүзеге асырды. Бастапқыда кішкентай балалар эвакуацияланса, яғни кәмелетке толмағандарға көмек көрсетілді. Кейін ересектер мен экипаж мүшелері жағаға жеткізілді", - деді ШҚО ТЖД.

Құтқарылғандар медициналық көмекті қажет етпеген. Төтенше жағдай дерегі бойынша сараптама жүргізіліп жатыр.

Г. Досымшалова