БҚО-да кәсіпкерді үйінің ауласында атып кетті

Батыс Қазақстан облысында дүкен иесі оққа ұшты. Қылмыс қаруы ауладан табылды, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД" порталы.

БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адам дүкеннің қожайыны болған, мәйіт Ақсай қаласынан 15 шілдеде табылған. Кәсіпкердің басына оқ тиіп мерт болғаны белгілі болды.

Үйдің ауласынан белгісіз маркадағы кесілген шолақ мылтық табылып, тәркіленді. Мәйіт Орал қаласындағы сот-медициналық сараптамаға  жіберілді.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі "Адам өлтіру" бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.