Доллар бағамы тағы көтерілді

Доллар бағамы тағы көтерілді
Фото: elements.envato.com

Доллар бағамы тағы көтерілді, - деп хабарлайды Massaget.kz Қазақстан қор биржасының (KASE) деректеріне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 3,60 теңгеге өсіп, 484,18 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 16-18 шілдедегі ресми бағамы 480,37 теңге болған еді.

Kurs.kz деректері бойынша қазір Алматының ақша айырбастау орындарында доллардың орташа бағамы - 483,70 теңге, сатылымда - 489,11 теңге. Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау орындарында орта есеппен 479,68 теңгеден сатып алынып, 483,16 теңгеден сатылып жатыр.

Ж. Қадыржанова