Желіде аудан тұрғындары жаппай судан уланып жатқаны туралы жалған ақпарат тарады

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Жетісу облысының Сарқан ауданының тұрғындары жаппай судан уланып жатқаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Ведомство өкілдері Сарқан аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының "Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № ҚР ДСМ-193/2020 2022 жылға арналған бұйрығына сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізу шеңберінде коммуналдық объектілерді бақылау және қадағалау бөлімі микробиологиялық және санитариялық-химиялық көрсеткіштерге судың мониторингін тұрақты негізде жүргізетінін хабарлады.

Соңғы зерттеулердің нәтижелері бойынша судың микробиологиялық және санитариялық-химиялық көрсеткіштері санитариялық нормаға сәйкес келеді. Сонымен қатар, тұрғындар аудандық ауруханаға улану туралы шағымдарымен жүгінбеген.

Құрметті қазақстандықтар, арандатушы фейк хабарламаларға сенбеулеріңізді сұраймыз. Ресми дереккөздерден тек сенімді ақпаратты оқыңыз.