Тоқаев Қырғызстанға барады

Тоқаев Қырғызстанға барады
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанға жұмыс сапарымен барады, - деп хабарлайды Massaget.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"20-21 шілдеде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуіне қатысу үшін Шолпан-Ата қаласына (Қырғызстан) барады", - делінген хабарламада.

Ж. Қадыржанова