"Мектеп бітіргеніңді күтемін". Павлодар тұрғыны Ерке Есмаханға "cөз салды"

Павлодарда Ertis Promenade сахнасында қала күніне арналған мерекелік концерті өтті, - деп хабарлайды Pavlodarnews.kz

"Павлодар - менің сүйікті қалам" атты қала күніне арналған мерекелік концертте қазақстандық эстрада жұлдыздары Ерке Есмахан, Amre, Алина Герц және "Формат" тобы өнер көрсеткен.

Басылым мәліметінше, әнші Ерке Есмахан "Аэропорт" әнін орындаған павлодарлық қызға сырғасын сыйлаған. Ол көпшілік ішінен бір жігітті таңдап, сақинасын саусағына таққан. 

"Мен келісемін, мектеп бітіргеніңді күтемін", - деп күлді Ерке Есмахан.