Банк қызметкері 71 жастағы зейнеткердің депозитіндегі 6 миллионын алып қойған

Банк қызметкері 71 жастағы зейнеткердің депозитіндегі 6 миллионын алып қойған
Фото: Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтанда тәртіп сақшылары зейнеткердің шотынан ақша ұрлаған күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Елорда тұрғыны полицияға депозитінен ақша жоғалып кеткенін айтып, арызданған. Ол 2018 жылы депозитке ақша салып, оны ұзақ уақыт пайдаланбағанын айтқан. Оның сөзінше, арада уақыт өткен соң ақшасын алуға банкке келген. Алайда банкке келген кезде шотына жинаған қаржысы жоқ екенін білген.

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің Есіл ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ақша жоғалуына банк қызметкерінің қатысы барын анықтаған. Банк қызметкері жәбірленушінің алты миллион теңгесін досының есепшотына аударып, кейін оны қолма-қол ақшаға айналдырған. Күдікті ақшаны өз қажеттілігіне жұмсап үлгерген.

Полицейлер бір тәулік ішінде күдіктіні ұстаған. 23 жастағы күдіктіге қатысты "Ұрлық" бабы бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталған адам кінәсін мойындаған.

Ж. Қадыржанова