Маса қандай адамдарды жиі шағады?

Маса қандай адамдарды жиі шағады?
Фото: © elements.envato.com

Ресейлік дәрігер Елена Андросова маса қандай адамдарды жиі шағатынын айтты, - деп хабарлайды "Прайм" агенттігі.

Андросова масалар адамның жеке иісі мен дене температурасына қызығып, шағатынын айтады. Сонымен қатар, маса сүт қышқылының, аммиактың, кетон тобындағы бірқатар заттың және кейбір карбон қышқылдарының иісін жақсы көреді. Жәндіктер бұл иісті ондаған метр қашықтан сезеді екен.

"Барлық адамда микрофлора әртүрлі, сондықтан микробтар шығаратын "иісті заттардың" арақатынасы да, иісі де әртүрлі болады", - деді дәрігер.

Дәрігердің сөзінше, ғылыми зерттеулердің біріне сәйкес, масалардың ең тартымды түрі - бірінші қан тобының иелері. Сонымен қатар, педиатрдың сөзінше, жәндіктер белгілі бір жынысты немесе терінің түсін таңдайды деген ақпарат жоқ.

Г. Досымшалова