Шымкентте жол апатынан 4 тонна қарбыз көшеге шашылып қалды

Шымкентте болған жол апатынан 4 тонна қарбыз шашылып қалып, жолда кептеліс пайда болды, - деп хабарлады Оtyrar.kz.

Басылым мәліметінше, жол апаты 17 шілде күні сағат 14:00 шамасында Жиделібайсын мен Шардара көшелерінің бойында болған. Жол апатында 8 көлік соқтығысып, жол жабылып қалған.

Алдын ала мәлімет бойынша, Howo маркілі жүк көлігінің тежеуіші істемей қалған. Жол апатынан Howo жүк көлігі мен Газель жүргізушісі зардап шекті. Өкінішке қарай, 4 тонна қарбыз артып алған Газель көлігінің жүгі көшеде шашылып, жарамсыз күйге түсті.