"Ұсталған Бұрхан Жансейітов адвокат емес" - адвокаттар алқасы

"Ұсталған Бұрхан Жансейітов адвокат емес" - адвокаттар алқасы

Республикалық адвокаттар алқасы ұсталған Бұрхан Жансейітовтің адвокат емес екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Мassaget.kz. Басқарма төралқасы мұндай мәлімдемені ресми сайтта жариялады.

"Қаржы мониторингі агенттігі адвокат Бұрхан Жансейітовты ұсталғаны туралы ақпарат БАҚ-та таратылуына байланысты Республикалық адвокаттар алқасы бұл адамның адвокат емес екенін хабарлайды. 

Адвокаттар өз жұмысында этика кодексін басшылыққа алады. Оған сәйкес кәсіби қызметте олар кәсіптің беделіне қамқорлық жасап, мораль мен заңның үстемдігі принциптерін орындайды. Дәл осындай талаптар Жоғары заңгерлік білімі бар кез-келген адамға қатысты болуы керек деп санаймыз. Бұл ретте заң кеңесшісі Бұрхан Жансейітовке қатысты тергеуді заңдылық қағидатын қатаң сақтай отырып және жасаған әрекетіне құқықтық баға бере отырып тергеу түргізілуін сұраймыз", - делінген хабарламада.

Адвокаттар алқасы судья, прокурор, тергеуші, заң консультанттары мен заңгерлердің заңға қызмет ету деген бір ғана міндеті бар екенін айтты.

Еске салайық, Бұрхан Жансейітов 15 шілдеде күні Алматыда құқық қорғау органдарының ұйымдасқан қылмыстық топтарды жоюға бағытталған қызметіне кедергі келтіргені үшін ұсталған болатын. Ол полиция көлігінің жолын жауып, алдыңғы доңғалағын тесіп, провакациялық әрекетке барған. Сондай-ақ, Бұрхан Жансейтов полиция қызметкерлерін балағаттап, бопсалаған да көрінеді.

Г. Досымшалова