Нұр-Сұлтандағы қара түтін: монша өртенген

Нұр-Сұлтандағы қара түтін: монша өртенген

Нұр-Сұлтанның оң жағалауында монша өртенді. Бұл туралы қаланың ТЖД өкілі айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Бүгін сағат 16.46-да ТЖД бөлімшелеріне Мирный көшесінде орналасқан жеке үй өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.

"Өртсөндірушілер монша жанып жатқанын анықтады. Қазір оқиға орнында өртті ауыздықтау бойынша өртсөндіру бөлімшелері жұмыс істеп жатыр", - деп түсіндірді ТЖД өкілі.

 

Ж. Қадыржанова