Алматы облысында суға батып кеткен ер адам үш тәуліктен кейін табылды

Алматы облысы Талғар өзені маңынан үш күн іздеу нәтижесінде 44 жастағы ер адам өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz.

13 шілдеде Талғар ауданындағы шомылуға арналмаған жерден 1978 жылы туған ер адамды өзен ағысы алып кеткен. Үш күн бойы іздеу жұмыстары жүргізілген.

"Ер адамның денесі 16 шілдеде сағат 16.05-те оқиға орнынан екі шақырым жерден табылды. Іздестіру жұмыстарына Алматы облысы ТЖД, республикалық жедел-құтқару жасағының қызметкерлері, ер адамның туыстары, еріктілер мен жергілікті қорық қызметкерлері жұмылдырылды", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.

Ер адамды іздеуге барлығы 50-ден аса адам қатысқан.