Доллар бағамы қайта көтерілді

Доллар бағамы қайта көтерілді

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қайта көтерілді, - деп хабарлайды Massaget.kz Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,85 теңгеге көтеріліп, 480,37 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 15 шілдедегі ресми бағамы 478,39 теңге болған еді.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында доллар бағамы - 477,95 теңге, сатылымда - 482,67 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 477,72 теңгеден сатып алынып, 480,87 теңгеден сатылып жатыр.

Ж. Қадыржанова