Қазақстан 2022 жылы коронавируспен күреске қанша қаражат жұмсайды?

Қазақстан 2022 жылы коронавируспен күреске қанша қаражат жұмсайды?

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстанда биылғы жылы індетпен күресуге бөлінген қаражат көлемін айтты, - деп хабарлайды Мassaget.kz.

"Коронавирус инфекциясымен күресу үшін биылғы жылға 100 миллиард теңге бөлу жоспарланып отыр. Бұл вакцина сатып алуға, науқастарды емдеуге, аса қауіпті жағдайда жұмыс істейтін медицина қызметкерлері алатын жәрдемақыға кетеді. Салыстырмалы түрде өткен жылға қарағанда, бұл (бюджет) алты есе аз. Ауруханаларда науқастар аз, биыл екінші толқын басталды", - деді министр ОКҚ брифингінде.

Министрдің айтуынша, бұл сома толық жетеді. Жетпеген жағдайда бюджетті қайта қарауға әрқашан мүмкіндік бар екенін айтты.

Мамыр айының ортасында өткен брифингтердің бірінде Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы 2020 жылы COVID-19-мен күресуге бюджеттен 252 миллиард теңге жұмсалғанын, ал 2021 жылы бұл мақсаттарға 556 миллиард теңге жұмсалғанын айтты.

Г. Досымшалова