"Ұлым екеуіміздің арманымыз орындалды". Ғазизхан Шекербеков ерекше видео жариялады

Белгілі әнші Ғазизхан Шекербеков Instagram-парақшасында ұлы екеуінің арманы орындалғанын жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Әнші ұлын Димаш Құдайбергенмен кездестірген. Оның сөзінше, Димаш есімді ұлы - Димаш Құдайбергеннің жанкүйері.

"Қазақтың мақтанышы Димаш Құдайбергенмен ұлым Димаш Жандарбектің алғаш кездесуі. Ұлым Димаштың өнерінің фанаты. Өмірде екеуін кездестіріп, баламның бақытты эмоциясын көргім келетін еді. Ұлым екеуміздің де арманымыз орындалды. Димаш, мың жаса,көп рақмет!" - деді ол.

Видео Желі қолданушыларын тәнті еткен:

"Димаш ағасының жолын берсін, жолы ашық, болашағы жарқын үлкен ер-азамат болсын", "Көңілім босап кетті ғой", "Қандай керемет! Димашқа еліктеген Димаш жаман болмайды", "Димаштың жолын, тәрбиесін берсін!" - деп жазды пікір білдіргендер.