Бас ауруына себеп болатын танымал сусындар аталды

Диетолог Сидни Грин бас ауруына әкеп соғатын танымал сусындарды атады. Ол Eat This, Not That басылымына берген сұхбатында жеміс шырыны мен сыра ағзаға қалай зиянын тигізетінін айтты, - деп хабарлайды Lenta.ru.

Гриннің айтуынша, кез келген ішімдік диуретик саналады. Ашық дереккөз мәліметінше, диуретик - диурезге, зәр шығару жоғарылауына ықпал ететін зат. Сондай-ақ, ішімдік сұйықтық пен электролиттердің жоғалуына ықпал етеді. Әдетте мұз қосылмайтын сыра мен шарап күшті диуретикалық әсерге ие, ал бұл кейін дегидратацияға және бас ауруына әкеледі. Дегидратация (сусыздану) - организмде судың және сұйықтықтың жеткілікті мөлшері болмауы.

Сарапшы жеміс шырындарының да зиянын айтты.

"Олардың құрамында қант көп, бұл жүйке жүйесі мен қандағы қант деңгейіне тікелей әсер етеді. Шырынның өзін ғана ішу (тамақ немесе басқа сұйықтықсыз) ағзадағы қант деңгейінің тез ауытқуын тудырады, бұл бас ауруына ықпал етуі мүмкін", - дейді Грин.

Оның сөзінше, энергетикалық сусындардан кейін бас ауырады.

"Мұндай сусын сізге бір-екі сағатқа күш беруі мүмкін. Бірақ оның әсері басылған кезде кофеин мен қанттың дегидратациялық сипатына байланысты басыңыз ауырып, шаршайсыз", - дейді Грин.

Кофенің құрамында кофеин бар, оның көп мөлшерді болуы бас ауруын туындатуы мүмкін. 

"Кофеин қан тамырларын тарылтады. Ол денеден шығарылған кезде тамырлар кеңейіп, қан айналымы жоғарылайды. Кофеиннің денеден шығарылуы бас ауруын тудыруы мүмкін", - деп түсіндіреді диетолог.