Алматының төменгі аймағында өрт шықты

Алматының төменгі аймағында өрт шықты

Алматы тұрғындары қаланың төменгі аймағында қара түтін шығып жатқанын байқаған. Куәгерлердің айтуынша, Райымбек даңғылы мен Емцов көшесінің қиылысында өрт шыққан, - деп хабарлайды Massaget.kz

Алдын ала мәлімет бойынша, өрт сол ауданда орналасқан цехтан шыққан. 

"15 шілдеде сағат 06:59-да өртсөндірушілер Әуезов ауданындағы Райымбек даңғылы 348С мекенжайы бойынша шықты. Өртсөндірушілер түсті металды қайта өңдеу цехындағы электр пештік трансформатордан өрт шыққанын анықтаған. Өрттің жалпы аймағы - 150 шаршы метр", - деді Алматы ТЖД өкілдері. 

Өрт сағат 08.57-де сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

С. Сатыбалдина