ДДСҰ сарапшылары коронавирусты қандай дәрімен емдемеген дұрыс екенін айтты

Дүниежүзілік денсаулық сақтау өкілдері коронавирустың жеңіл және орташа түрімен ауыратындарды колхицин және флувоксаминмен емдемеген дұрыс екенін айтты, - деп хабарлайды РИА Новости

"Флувоксамин антидепрессанты мен буын ауруларына қарсы колцихинді коронавирустың жеңіл және орташа түрімен ауыратын науқастарға қолданудың қажеті жоқ. Себебі бүгінде олар науқастың жағдайын жақсартатынына дәлел жоқ және екі препарат зиян келтіреді", - делінген ұйым хабарламасында.  

Алайда ДДСҰ сарапшылары коронавирустың ауыр түрімен ауыратындарға қандай препарат қолдану керегін нақтыламады.