Алматы "жасыл" аймаққа өтті

Алматы "жасыл" аймаққа өтті. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.

"Барлық эпидемиологиялық, клиникалық көрсеткішке сай бүгін матрица қайта қаралды", - деді ол.

Матрицаға сәйкес, Алматы "жасыл" аймаққа өткен. Қазір барлық өңір "жасыл" аймақта тұр.

ДСМ басшысы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жаңарғанын айтты.

"Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жаңартылды. 100 мың тұрғынға шаққанда 10 күн ішінде орташа тәуліктік сырқаттану көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда ауруханаға жатқызылғандардың тәуліктік көрсеткішіне өзгерді", - деді министр ОКҚ брифингінде.

Оның айтуынша, матрицаны жаңарту кезінде денсаулық сақтау жүйесіне түсетін ауыртпалықты ескеріп, қазіргі жағдайды бағалау тұрғысынан ДДСҰ ұсынымдары ескерілген. Яғни жұқпалы аурулар ауруханаларында, реанимация бөлімшелерінде емделу деңгейі, халықты вакцинациямен қамту, инфекцияның таралуы және инфекцияның штамдары ескерілген.

Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы:

- "Жасыл" аймақ: R репродуктив санына қарамастан, төсек-орындарға 2 500 науқасқа дейін жатқызылған кезде; төсек-орындар 5000 науқасқа толғанға дейін және R репродуктив саны 1-ден аз болғанда.

- "Сары" аймақ: төсек-орындарға 5000 науқасқа дейін толғанда және R 1-ден жоғары болса; төсек-орындарға 5000-нан 10000 науқасқа дейін жатқызылғанда және R 1-ден аз болғанда.

- "Қызыл" аймақ: төсек-орындарда 5000 науқастан және R 1-ден жоғары болғанда; R-ге қарамастан 10 000-нан аса науқас жатқызылғанда.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда кейінгі тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны хабарланған болатын.