"Тобыл" ірі есеппен жеңіліп, Чемпиондар лигасымен қоштасты

"Тобыл" ірі есеппен жеңіліп, Чемпиондар лигасымен қоштасты
Фото: "Тобыл" ФК

Қостанайлық "Тобыл" Чемпиондар лигасымен қоштасты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстан чемпионы бірінші іріктеу кезеңінің қарымта матчінде "Ференцвароштан" 1:5 есебімен жеңілді. 21-минутқа дейін венгриялықтар үш гол тоғытып тастады - Адам Траоре (4 және 17-минутта) және Айсса Ляйдуни (21-минутта).

"Тобыл" 23-минутта Игорь Сергеевтің дәл соққысымен есеп айырмасын қысқарта алды.

Үзілістен кейін "Ференцварош" басымдығын арттырды - Форчун Басси дубль жасады (74 және 90-минутта).

81-минутта "Тобыл" ойыншысы Серікжан Мужиков бір минут ішінде екі сары қағаз алып, алаңнан қуылды. Енді қостанайлық клуб Конференциялар лигасында өнер көрсетеді. 

С. Сатыбалдина