СҚО-да жидек теріп жүрген әйелді аңшы атып өлтірді

СҚО-да жидек теріп жүрген әйелді аңшы атып өлтірді
Фото: pixabay

Солтүстік Қазақстан облысында орманда жидек теріп жүрген әйел оққа ұшты. 52 жастағы тұрғынды аң аулауға шыққан азамат байқамай атып тастаған, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарна мәліметінше, күдікті оқ тиген Алтынай Мұздақбаеваны ауруханаға өзі жеткізбек болған. Алайда, әйел ауыр жарақат салдарынан жолда қайтыс болған. Болжам бойынша, күдікті адамды аң деп ойлап қалған болуы мүмкін. Күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүріп жатыр.

"Қылмыстық іс бойынша бірқатар сараптама тағайындалды. Сонымен қатар, жедел іздестіру шаралары атқарылып жатыр. Барлығының нәтижесімен күдіктінің іс әрекетіне баға берілетін болады. Өзге қылмыстық іс бойынша ақпарат Қылмыстық процессуалдық Кодекстің 201-бабының тәртіптеріне сай жариялануға жатпайды", - деді Жамбыл ауданының прокуроры Талғат Төлегенов.

Г. Досымшалова