ДДСҰ басшысы маска режимін қайтаруға шақырды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) басшысы Тедрос Гебрейесус пандемияның жаңа толқынына байланысты барлық елді маска режимін қайтаруға шақырды, - деп хабарлайды Мassaget.kz.

"Мен COVID-19 жұқтыру жағдайларының саны артып келе жатқанына алаңдаймын, бұл денсаулық сақтау жүйелері мен медицина қызметкерлеріне қосымша ауыртпалық әкеледі", - деді ДДCҰ басшысы.

Ол әлемде омикрон штамының күшейіп, короновирус салдарынан өлім-жітімнің көбейгенін айтты.