Шри-Ланка президенті елден қашып кетті

Шри-Ланка президенті елден қашып кетті
Фото: "Хабар 24"

Шри-Ланка президенті Готабая Раджапакса жаппай толқуларға байланысты Мальдив аралдарына қашып кетті, - деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы.

Телеарна мәліметінше, 73 жастағы президент әйелі және қауіпсіздік қызметінің 2 өкілімен әскери ұшаққа мініп кетіп қалған.

Готабая Раджапакса билік басына 2019 жылы келген еді. Алайда пандемиядан кейін елді экономикалық дағдарыс жайлап, азық-түлік пен жанармай тапшылығы пайда болды. Салдарынан мамырдан бері жаппай наразылық шерулері басталып, 9 шілдеде ашынған халық президент резиденциясын басып кірген еді.

Ал Раджапакса белгісіз бағытқа бас сауғалап, соңынан парламент спикері арқылы өзінің шілденің 13-і қызметінен кететінін хабарлаған.

С. Сатыбалдина