"Үштік баға бар". Шерхан Мұртазаның мектеп бітіргендегі аттестаты жарияланды

"Үштік баға бар". Шерхан Мұртазаның мектеп бітіргендегі аттестаты жарияланды
Фото: khabartv

Жазушы Шерхан Мұртазаның мектеп бітіргендегі аттестаты жарияланды. Сурет "Хабар" телеарнасының Instagram-парақшасында жарияланған, - деп хабарлайды Massaget.kz.

"Аттестатындағы бағаларға көз жүгіртіп қарасаңыз, қаламгердің оқу үлгерімі өте жақсы болғанын байқауға болады. Тек орыс әдебиетінен алған білімі "4"-ке , геометрия пәнінен алған білімі "3"-ке бағаланыпты. Жазушы 1947-1950 жылдары бұрынғы Жам­­был қала­сын­­­дағы Жам­был атындағы қазақ орта мек­­­тебін тәмамдаған.

Құжатты қаламгердің атындағы Руханият және тарихтану орталығы бөлісті", - делінген Желідегі жазбада.

Ж. Қадыржанова